Қаныштың түйсігі

<p style="text-align: justify;">Ғалымдар &laquo;Ер Төстікті&raquo; ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифология&shy;сына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері &ndash; бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.</p>

Қаныштың түйсігі

Ертегідегі оқиға Сорқұдық деген жерде өтеді. Бұл – Жезқазғанның солтүстігіндегі мекен. Археологтер бұл маңнан қадым заманғы ұсталардың құралдарын тапқан. Ал геолог Қаныш Сәтбаевтың халық ауыз әдебиетін жетік білгені мәлім. Оның қойын дәптерінде мынандай жазу бар: «Мыңшұңқыр. Демек бұл жерде байырғы кен қазба орындары болған. Анықтау керек. Қаратас. Халық ұғы­мында былай деп темірді емеурін етеді. Жез­қазған. Демек жез өндірілген жер деген сөз». Расында да, ғалымның түйсігі алдамапты.

Бөлісу:
Қаныштың түйсігі · Egemen Qazaqstan