Зерде
1 мин оқу 70

«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды

<p style="text-align: justify;">Оны ойлап тапқандар &ndash; Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды

IoT құрылғылары және бағдарламалық жасақтаманың интеграциясы арқасында жылыжай микроклиматты, жарықтандыруды, суаруды өздігінен реттей алады. Жоба өсімдіктерді күтіп-баптауға адамның араласуын барынша азайтуға бағытталған.

Жоба жетекшісі Шернияз Кабдушевтің айтуынша, өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер өздерінің жоғары деңгейлерін көрсетіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, энергоүнемділік ерекше мән берілген жылыжай – күн панельдерімен жабдықталған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі интернетке шектеулі қолжетімділік жағдайында да жұмыс істей алатындай етіп жасалған.

Студенттер жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды · Egemen Qazaqstan