Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Андромеда
<p style="text-align: justify;">Қазан айының екінші жартысы аспан әлемін тамашалауға ең қолайлы уақыт. Осы кезеңде түнгі аспанда Андромеда галактикасын әлдеқайда анығырақ көруге мүмкіндік бар.</p>

Андромеда – аспан әлемінде айрықша әдемілігімен ерекшеленетін галактика. Сондай-ақ ол Құс жолының ең жақын көршісі. Жерден шамамен 2,5 млн жарық жылы қашықта орналасқан. Галактиканы күн батқаннан кейін шығыстан, ал таңға таяу солтүстік-батыстан көруге болады. Қараңғы түндерде қарасаң, оны көруге көз де жетеді. Ал айлы жарық түндерде телескоп не смартфон камерасының көмегімен де тамашалауға мүмкіндік бар.
Бөлісу:
