Кубик-рубикті 1 минутта жинайтын робот жасалды
<p style="text-align: justify;"><strong>Арнайы сенсорлар арқылы кубиктің қырларын сканерлеп, түстерін анықтайтын робот алынған деректерді талдап, ең тиімді алгоритмді таңдап, күрделі логикалық тапсырма ретінде танылған кубик-рубикті дәл әрі жылдам жинайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p> <p> </p>
Ақылды робот жобасын көпшілікке таныстырған – Астанадағы Әлімхан Ермеков атындағы № 38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шахназар Камалов.
Әкімдіктің мәліметінше, жоба – LEGO Mindstorms EV3 конструкторы негізінде құрастырылған.
«Бағдарламалау EV3 Classroom платформасында Python тілінде жүзеге асырылған. Бұл оқушыға алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға, инженерлік есептерді шешуге, сондай-ақ робот қозғалысының әр бұрышы мен айналуын дәлдікпен басқаруға мүмкіндік берген», делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Робототехника – жасанды интеллект пен инженерия тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі. Осындай жобалар оқушылардың техникалық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын күшейтеді.
