Ерекше ұшақ

<p style="text-align: left;">&laquo;Transavia PL-12 Airtruk&raquo; ұшағы аспан әлемінде ерекше орны бар, танымал ұшақтардың бірі. 1960 жылдары жасалған бұл көлік бірден көзге түсетін күлкілі пішінімен есте қалған.</p>

Ерекше ұшақ

Бір қызығы, ұшақ телеэкран арқы­лы танылған. Ол алғаш «Ессіз Макс» фильмінде көрсетілген. Ал «Airtruk» негізінен арнайы ауыл шаруашылығына арналған. Егістік жерлерді өңдеуде қол­данылады. Биік кабинадан пилотқа бәрі көрінеді, ал ерекше конструкциясы ұшуға кедергі емес. 300 аттың күші бар 6 цилиндрлі «Continental IO-520D» қозғалтқышымен ұшақтың жылдамдығы сағатына 188 км. Ұшақтың 110 данасы бар. Бұл авиация тарихындағы коллекция ретіндегі шығарылым.

Бөлісу:
Ерекше ұшақ · Egemen Qazaqstan