Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
<p style="text-align: left;"><strong>Италиялық NEOS Airlines компаниясы Атырауды Еуропаның сән мен бизнес астанасы Миланмен тікелей байланыстыратын тікелей рейсті ашты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бұл – өңір үшін жаңа халықаралық бағыт, енді тұрғындар Еуропаға еш кідіріссіз, тіке жете алады.
Ұшақ билеттерінің бағасы жарияланды: эконом-класс 528 АҚШ доллары (283 мың теңге), ал премиум-класс 1210 АҚШ доллары (648 мың теңге) шамасында.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет орындалады: жұма күні Атыраудан, ал дүйсенбі күні Миланнан кері ұшып шығады. Кейінірек компания жиілікті арттырып, аптасына екі рейске дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Жаңа бағыттың ашылуына Итальян-қазақ сауда палатасы қолдау көрсетіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға үлес қосты. Жаңа бағыт іскерлік байланыстарды жеңілдетіп, екі ел арасындағы сапарларды ыңғайлы етпек, деп болжанып отыр.
Атырау үшін бұл – Миланға ашылған алғашқы тікелей әуе қатынасы. Жаңа бағыт өңір тұрғындарының саяхат мүмкіндіктерін кеңейтсе, билет бағасы қазірдің өзінде жергілікті халық арасында басты талқылау тақырыбына айналды.
