Ең ұзын туннель

<p style="text-align: left;">Норвегия елдің батыс жаға&shy;лауын&shy;дағы жол қатынасын өзгерту мақ&shy;сатында әлемдегі ең ұзын әрі ең терең суасты автокөлік туннелін салып жатыр.</p>

Ең ұзын туннель

Суасты туннелінің ұзындығы – 27 шақырым. Ол Ругаланн провинциясының бойымен өтіп, теңіз деңгейінен 392 метр тереңдікке дейін төмендейді. Инженерлердің айтуынша, бұл жоба ірі қалалар арасындағы жолды едәуір қысқартады және елдің батыс жаға­лауында паромсыз қатынас жүйесін қалып­тастыруға көмектеседі. Құрылыстың аяқталуы 2033 жылға жоспарланған. Жоба құны шамамен 24 млрд доллар.

Бөлісу:
Ең ұзын туннель · Egemen Qazaqstan