Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 10
Тыныштық түсі
<p style="text-align: left;">«Pantone Color Institute» 2026 жылдың басты түсі ретінде «Cloud Dancer» деп аталатын ақшыл, «ауадай жеңіл» реңкті жариялады. Бұл – көзді шаршатпайтын, жұмсақ ақ түс тыныштықтың белгісі ретінде ұсынылып отыр.</p>

Институт өкілдері мұндай таңдауды бүгінгі ақпарат ағыны үдеген, адамдар қарапайымдылық пен шынайылықты көбірек іздей бастаған өтпелі кезеңмен байланыстырады. Осы тұрғыда «Cloud Dancer» – алаң көңілге тоқтау салып, назарды жинақтайтын «тыныш белгі» ретінде көрінеді. Келесі жылы бұл реңк сән, интерьер, графикалық дизайн және өнім эстетикасында жиі ұшыраспақ.
Бөлісу:
