Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 510

Бір сағаттағы үш мереке

<p style="text-align: left;">Аустралияда Жаңа жылды бір сағаттың ішінде үш рет қарсы алуға болатын қызық жағдай бар. Мұның сыры &ndash; елдің барлық аймағы бірдей жазғы уақытқа (DST) көшпейтінінде.</p>

Бір сағаттағы үш мереке

Кейбір штаттар мен аумақтар сағатты 1 сағатқа алға жылжытады, ал көрші өңірлер бұрынғы уақытында қала береді. Соның нәтижесінде картада «уақыттары әртүрлі» аймақтар қатар орналасып, тіпті көрші өңірлердің арасында 1-2 сағат айырмашылық пайда болады. Ең қызығы – үш өңірдің шекарасы түйісетін нүктенің болуы. Яғни бір жақта жаңа жыл кіріп қойған кезде, екінші жақта әлі ескі жыл, үшінші жақта мүлде басқа уақыт болуы мүмкін. Сол себепті адам бір-екі қадам ғана жасап, бір өңірден екіншісіне өте салса, Жаңа жылды қайта-қайта қарсы алғандай болады.

Бөлісу: