Жарнама
 
Басылым
1 мин оқу 50

Толқынды күткен бала болмысы

<p style="text-align: left;">Белгілі қаламгер, &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газеті интернет редакциясының жетекшісі Абай Аймағамбеттің &laquo;Толқынды күткен бала&raquo; атты романы оқырманға жол тартты.</p>

Толқынды күткен бала болмысы

Абай Аймағамбет есімі көпшілікке дәстүрлі әңгіме­лерімен танылып, қазақ әде­биетінің қоржынына «Бесін­ші жатақхана», «Білте шам­ның жарығы», «Бұрылысқа жарты қадам қалғанда» сынды кітаптар салған жазушы. Осыдан бірер жыл бұрын әріптесіміздің «Бұрылысқа жарты қадам қалғанда» атты ро­маны Кемел Тоқаев атындағы детектив жанрында өткен әде­би байқаудан бас жүлде алған еді. Енді, міне, Абай Аймағамбеттің кезекті «Тол­қынды күткен бала» атты шығармасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар ода­ғы­ның «Жаңа Қазақстанның әде­би-танымдық панорамасы» атты жобасы аясында жарық көріп отыр.

Автор бұл туындысында Арал теңізінің қасіретті тағ­дырын өзек етіп, 1960–1980 жылдары ара­лы­ғында ұлтымыздың басынан өткен тарихты теңіздің тартылу трагедиясымен астас­тыра әңгімелейді. Яғни жас қаламгер толқыны жағаны ұрған теңізді күткен баланың аңсарын Арал бойындағы шынайы өмірді байланыстыра отырып боямасыз суреттеген.

Жалпы алғанда, осыған дейін жып-жылы туындыларымен оқырман көңілін арба­ған қаламгер артық айтып, кем түс­пей, әр сөйлемін таразы­ға екшеп пайдаланғанын байқадық. Сондықтан да суы тартылып, орнында тау-тау құмы қалған Арал тағ­дырына, сол өлкеге қатысты оқи­ғалар мен аңыздарға жан бітірген жазушының талабы­на оқырман ретінде ризашы­лық білдіреміз. Экология­лық апатқа ұшырап, замана салған зардапқа белшесінен батқан халықтың үні әдеби шығармадан естілді. Бұл үн Аралдың ақиқаты мен Арал апатына берілген әдеби баға боларына сенеміз. 

Бөлісу: