«Қайрат» Лондонда «Арсеналмен» кездеседі: Билет бағасы қанша тұрады?
<p><strong>28 қаңтар күні алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасы аясында Лондонда «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шығады. Матч Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де басталады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Emirates Stadium стадионында болатын кездесуде Қазақстаннан келетін жанкүйерлер үшін алаңнан арнайы сектор дайындалған. Бұл туралы «Арсенал» клубы хабарлады.
Ал билет бағасы 36 мыңнан басталады. Ойынды Еуропаның үздік стадионынан тамашалағысы келетін жанкүйерлер билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып ала алады.
Ұйымдастырушылар билет кері қайтарылмайтынын ескертіп отыр.
Аталған кездесуге дейін «Қайрат» 20 қаңтар күні «Астана Арена» алаңында бельгиялық «Брюггені» қабылдайды.
Айта кетейік, «Қайрат» командасы чемпиондар лигасы аясындағы матчтар алдында Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізді.
