Бес минуттың әсері

<p style="text-align: left;">Күн сайын небәрі бес минут серуен&shy;деудің өзі адамның өмір жасын ұзартады. Мұндай тұжырым &laquo;The Lancet&raquo; журналында жарияланған ауқымды зерттеуде айтылды.</p>

Бес минуттың әсері

Ғалымдар Норвегия, Швеция, АҚШ және Ұлыбританиядан жиналған 135 мың­нан астам ересек адамның дерегін тал­да­ған. Қатысушылардың орташа жасы 63 ша­масында. Олар сегіз жыл бойы қимыл-қоз­ғалысын дәл өлшейтін құрылғыны тағып жүр­ген. Қатысушылардың 70 пайыздан ас­тамы күніне сегіз сағаттан көп уақытты кең­седе отырып өткізген. Бірақ сыртқа шығып, аз уақыт серуендеп келгендер арасында созылмалы ауру да, қозғалысты шектейтін күрделі мәселе де болмаған.

Бөлісу:
Бес минуттың әсері · Egemen Qazaqstan