Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
<p><strong>Ауа райының бұзылуына байланысты бүгінгі сағат 21:00 бойынша республикалық маңызы бар автожолдың 2 облыс аумағындағы бөліктерінде көліктің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жабылған автомобиль жолы – «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы».
Аталған автожолдың Қызылорда облысы аумағындағы 1806-2055 шақырым аралығындағы бөлігі (Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін) және Түркістан өңірі аумағындағы 2055-2095 шақырым аралығындағы бөлігі (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін) жабылды.
Аталған жол бөліктері 23 қаңтарда сағат 08:00-де ашылады.

