Ауа райы • Бүгін, 09:02

Қазақстанның 14 облысында дауыл соғады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 22 қаңтарда Қазақстанның 14 облысында дауыл болатыны туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 14 облысында дауыл соғады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Атырау облысында 22 қаңтарда қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында боран соғады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, боран болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Төменгі боран, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда да тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ осы аумақтарда тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін облыстың шығысында батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман болады.

Абай облысының батысында және солтүстігінде тұман болжанып отыр. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде аздаған қар жауып, боран соғады. Шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болжанады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар мен боран күтіледі, батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының түнде батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз қар, төменгі боран, көктайғақ жалғасады. Кей уақытта тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында аздаған қар, төменгі боран күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл көлдері ауданында жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар