Спорт
1 мин оқу 10

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

<p><strong>Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте 62-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды.

Бублик ТОП-10-дықта

Төртінші айналымда Бубликтің келесі қарсыласы – әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаур болады.

Александр Бублик мансабында алғаш рет маусымды қатарынан 7 жеңіспен бастап отыр. Бұл – оның ATP деңгейінде хард жабындысындағы ең үздік жеңісті сериясы.

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Бөлісу: