Ең алып мұрал

<p style="text-align: left;">Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында әлемдегі ең алып мұрал бар. &laquo;Guinness World Records&raquo; дерегінше, порт аумағындағы өнді&shy;рістік нысандардың сыртына салын&shy;ған бұл суреттің жалпы көлемі &ndash; 23 688,7 шаршы метр.</p>

Ең алып мұрал

Рекорд 2018 жылы 20 қыркүйекте ресми тіркелген. Жобаны Инчхон қаласының өнеркәсіпті ілгерілету бөлімшесі, Инчхон порт әкімшілігі және серіктес ұйымдар бірлесіп жүзеге асырған. Бұл – кәдімгі галереяға ілінетін шағын картина емес, ғимараттың сыртқы қабырғасына салынатын алып сурет. Осылайша, Инчхондағы сұрқай көрінетін нысандар алыстан-ақ көз тартатын көркем кеңістікке айналған. Бұл рекорд бір жағынан өнердің музейде ғана емес, күнделікті өмірде де адамдарға қуаныш сыйлай алатынын дәлелдеді.

Бөлісу:
Ең алып мұрал · Egemen Qazaqstan