Баянсыз бақ
<p style="text-align: left;">2002 жылы америкалық кәсіпкер Джек­сон Уиттакер лотереядан 315 мил­лион доллар ұтып алып, сол кезең­дегі ең ірі джекпот иегері атанады. Алай­да айналдырған бірнеше жыл­дың ішінде оның қызы мен немересі қай­тыс болады, жұбайымен ажыра­сады, үйі өртенеді, бар ақшасынан айырылады.</p>

Ол кейін: «Менің өмірімнің күл-талқанын шығарған сол ұтыс», деп мәлімдеген. Сарапшылар мұндай жағдай сирек емес екенін айтады. «National Bureau of Economic Research» дерегінше, лотерея жеңімпаздарының шамамен 70 пайызы 3–5 жыл ішінде қайта қаржылық қиындыққа тап болады. Себеп – кенет келген байлықты басқару тәжірибесінің болмауы. Зерттеулер көрсеткендей, аяқ астынан байыған адамдардың әлеуметтік ортасы да өзгереді. Мамандардың сөзінше, өмірде байлықтың өзі емес, оны басқару мәдениеті шешуші рөл атқарады.

