Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді

Астана – Павлодар республикалық автожолында көліктер бұдан былай сағатына 110 км жылдамдықпен жүйтки алады. Жылдамдық режимін шектеу қысқы уақытта ғана қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар облыстық филиалы мәлімдеді.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар барлық автокөлік жолдарында қысқы кезеңге ғана жылдамдық режимін төмендету туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.
Министрліктің шешімін орындау шеңберінде 2026 жылғы 9 ақпан сағат 00.00-ден бастап Астана – Павлодар бағыты бойынша қысқы кезеңге жылдамдық режимін 140 шақырым/сағаттан 110 шақырым/сағатқа дейін төмендету жүргізіледі.
Көктем-жаз кезеңінің басталуымен бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланған.
Павлодар облысы