Елорда
1 мин оқу 10

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p>Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

Айта кетейік, жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бөлісу:
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар