Қоғам • 27 Қараша, 2025

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері барлық өңірде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне 170 мыңға жуық адам келген. Тұтынушылар тарапынан ет өнімдеріне сұраныс көп болып, 300 тоннадан астам ет сатылды, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

Фотолар: Сауда және интеграция министрлігі

Астана мен Алматыда  жәрмеңке барысында бір келісі 3 000-3 500 теңгеден 20 тонна сиыр еті сатылған. 

Батыс Қазақстан облысында  шаруа қожалықтары құс еті, үйрек, қаз, түйетауық, сондай-ақ сиыр, жылқы және шошқа етін саудалады. Барлық өнім жоғары сапа және қолжетімді бағамен ерекшеленді. Мәселен, сиыр және жылқы етінің 1 келісі 2 700-2 800 теңгеден ұсынылған.

Өскемен қаласында  Марқакөл ауданынан келген фермерлерден 2 тонна сиыр етінің 1 келісі 3 000 теңгеден, 3 тонна жылқы етінің 1 келісі 2 800 теңгеден, 3 тонна қой етінің 1 келісі 3 200 теңгеден саудаланған.

gov.kz

Жыл басынан бері елімізде 504 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы көлемі 7,9 мың тонна өнім 5,3 млрд теңгеге саудаланған.