Мұнда ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағамен өткерілді. Жалпы 14,3 тонна азық-түлік сатылды. Оның ішінде 2 тонна ет, 0,6 тонна шұжық, 0,5 тонна сүт өнімдері, 1 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна кондитерлік өнімдер және өзге де қажетті азық-түлік пен жеміс жидек бар.
«Мұндай жәрмеңке біз секілді шаһар тұрғындары үшін тиімді. Мәселен, мен 10 дана жұмыртқаны 500 теңгеге алсам, қант 365 теңгеге айналды. Салыстырмалы түрде алсақ, дүкендердегі бағадан айтарлықтай төмен бағада сатылып жатыр. Сондықтан осындай жәрмеңке жиі өткізілсе деген тілек бар», дейді қала тұрғыны Болат Бекзатұлы.
Жойқын дауыл зардабы: Жамбыл облысында 29 нысанның шатыры ұшқан