Оқиға
1 мин оқу 20

Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді

<p><strong class="Yjhzub" data-complete="true" data-processed="true" aria-owns="action-menu-parent-container">Америкалық &laquo;U.S. News &amp; World Report&raquo; басылымының сарапшылары зейнеткерлік демалыста өмір сүруге ең қолайлы елдердің кезекті рейтингін жариялады. Осы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында 77-орынға жайғасты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді

Рейтинг 17 мыңға жуық адамның қатысуымен өткен ауқымды сауалнама негізінде жасалған. Қатысушылар елдерді жеті негізгі критерий бойынша бағалады: өмір сүру құны, салық жүйесі, халықтың мейірімділігі, жайлылық, климат, меншік құқығын қорғау және медицина сапасы.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?

Жалпы тізімдегі 89 мемлекеттің ішінде Қазақстан 77-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз көршілес мемлекеттерден айтарлықтай алда:

  • Әзербайжан – 81-орын;
  • Өзбекстан – 84-орын;
  • Украина – 85-орын;
  • Беларусь – 87-орын;
  • Ресей – 89-орын (соңғы орындардың бірі).

Зейнетақы қорындағы ақша: Бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?

Әлемдік көшбасшылар қатарында Швейцария, Жаңа Зеландия және Португалия тұр. Айта кетерлік жайт, Ганна (75-орын) мен Гондурас (63-орын) сияқты елдер Қазақстаннан біршама жоғары сатыға жайғасқан.

Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметтеріне сүйенсек, елімізде зейнетақы алушылардың саны 1,52 млн-ға жеткен. 

Бөлісу: