Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 10
3 минуттық сериал
<p style="text-align: left;">Қытайда 1-3 минуттық қысқа сериалдар енді жай ойын-сауық емес, экономикаға әсер ететін салаға айналып отыр. 2025 жылы осы формат шамамен 690 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал еткен.</p>

Сарапшылар дерегінше, бұл жұмыс орындарының едәуір бөлігін жоғары оқу орнын бітіргенімен, ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған жастар иеленген. Бұрын «TikTok-қа арналған жеңіл бейнежазба» деп қаралған формат қазір тұтас индустрияға айналды. Бір ғана эпизод түсірудің өзіне сценарист, режиссер, актер, оператор, монтажер, локация менеджері, маркетолог сияқты 90-нан аса маман жұмылуы мүмкін.
Бөлісу:
