Ауа райы
1 мин оқу 20

Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

<p><strong>Астанада наурыздың алғашқы күндері ауа райы суық әрі желді болады. Синоптиктердің болжамынша,&nbsp; күндіз нөл градусқа дейін жылынғанымен, түнде аяз&nbsp;&minus;10 &deg;C-қа&nbsp;дейін қайта күшеймек, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

4-6 наурызда ауа температурасы күндіз −2 °C шамасында тұрақтап, түнде −10 °C-қа дейін төмендейді. Бейсенбі күні жауын-шашын болуы мүмкін.

7 наурызда термометр бағаналары 0 °C-қа дейін көтерілгенімен, қар жауып, тұрғындарға қолайсыздық тудыруы ықтимал.

Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы құбылмалы бұлтты болып, күндіз −2 °C, түнде −5 °C суық болады деп күтіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ауа райының құбылмалы мінезіне сай киініп, жолда абай болу ұсынылады.
Бөлісу: