Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді
<p><strong>«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ертең түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 25-30°С аязға дейін болжанып отыр.
Ал Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 20-25°С аязға дейін төмендейді.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында күн райы 15-20°С аязға дейін суытады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы 7-20°С аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Сондай-ақ Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында да түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.