Президент
2 мин оқу 20

Президент: Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркениет жолына шығуы үшін ешқандай кедергіге мойымай, жастардың болмысын жоғары технологияларға бейімдеп, жасанды интеллекті секілді озық салада жетістікке жету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда

«Түбегейлі жаңғырған Ата заңымыздың преамбуласында айтылғандай, біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Бірақ бұл – үлкен жолдың басы ғана.

Біз ешқандай кедергі мен қиындыққа қарамай, елімізді өркениет жолына шығаруымыз керек. Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Шындықты айтсақ, Қазақстанның дамуы мен өрлеуі бізден басқа ешкімге керек жоқ. Сондықтан қазіргі ұрпақ Отанымыздың баянды болашағы үшін барлық жағдайды жасауы керек», деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақ халқының өткен тарихын қасіретке толы күрделі тарих деп күмәнсіз айтуға болатынын жеткізді. Бірақ, Мемлекет басшысынығ айтуынша, қазіргі заманда бұл тақырыпты қайта-қайта айтып, қара бұлтты төндірудің, мұңға батудың қажеті жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жастарына зор үміт артатынын айтты

«Халқымыз тек қана алға қарай зор үмітпен қарап, ілгерілеу заманына сай өз болмысын өзгертіп, бейімдеп өмір сүруі керек. Мұңды халық ешқашан бақытты, табысты болмайды. Бұл да – өмір заңы және ақиқат.

Жастардың болмысын жоғары технологияларға, техникаға бұру керек. Себебі қазіргі замандағы мемлекет дамуының кілті – техника мен озық технологияда, соның ішінде ең алдымен жасанды интеллектіде. Бәріміз бір ұлт болып, бір ел болып осы ұлы тарихи жорықта міндетті түрде жеңіске жетуіміз қажет. Бұл – біздің ең басты міндетіміз, миссиямыз», деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Бөлісу:
Президент: Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда · Egemen Qazaqstan