Президент • Бүгін, 14:44

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жастарына зор үміт артатынын айтты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы жұртшылығымен кездесу барысында еліміздің жастарына, олардың біліміне, қабілетіне, күш-қуатына зор үміт артатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жастарына зор үміт артатынын айтты

«Мен Президент ретінде еліміздің жастарына, олардың біліміне, қабілетіне, күш-қуатына зор үміт артамын. Елімізге жаны ашитын, яғни шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады. Еліміздің келешегі – отаншыл, жасампаз, жауапкершілігі мол жастардың қолында. Бұл да ақиқат десек, орынды болар», деді Мемлекет басшысы. 

Президент нағыз отаншыл азамат дегеніміз, бұл – ең алдымен өз жұмысын адал орындап, адал еңбек етіп жатқан адам екенін айтты.

«Адал еңбекпен келген табыс берекелі болады. Жалқау, еріншек адам ешқашан отаншыл азамат бола алмайды. Қоғамымызға жалаң ұран, бос әңгіме, құрғақ уәде, қызыл сөз керек емес, нақты іс қажет. Отаншылдық дегеніміз әдемі сөз сөйлеп, жұрт алдында керемет болып көріну емес, бұл – ең алдымен елге пайда әкелу, Отанға деген адалдықты нақты іспен көрсету», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Президент Қазір Түркістан облысында 700 мыңға жуық жас азамат тұратынын айтты.

«Бұл – тұрғындардың үштен бірі деген сөз. Киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын болады деп сенімді түрде айтуға болады», деді Қ.Тоқаев. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде еңбекқорлық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуға тиіс екенін баса айтты.

«Балабақшада, мектепте, университетте, ғылым институтында, медицинада, өндіріс мекемесінде, сауда және қызмет көрсету орындарында, тіпті, мемлекеттік қызмет пен әскери саланың өзін айтпағанда, барлық саладағы басты құндылық – адал еңбек, адал қызмет болуға тиіс.

Осы мақсатпен өткен жылды бүкіл ел болып жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, оларға құрмет көрсетуге арнадық. Бұл кезекті науқан емес, мемлекеттік идеологияның бір бөлігі, сондықтан осы жұмыспен үнемі айналысуымыз керек. Жұмыстың жаманы болмайды. Адал жұмыстан ұялудың ешқандай қажеті жоқ. Еңбектің бәрі қадірлі. Бұл даналықты жастардың бәрі жақсы түсінуі керек», деп атап өтті Президент. 

 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. 

Мемлекет басшысы: Ел қолдауына ие болған нағыз Халық Конституциясы тұғырына қонды

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35