Оқиға
1 мин оқу 60
Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды
<p>Қосшы қаласында жекеменшік үйлер орналасқан ауданның бірінде жол жиегінен ішінде шала туған нәрестенің мәйіті бар пакет табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала деректерге сәйкес, жүктіліктің мерзімі шамамен 6-7 ай болған.
nayza_kokshe мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция мен медицина қызметкерлері анықтап жатыр. Мамандар баланың өлі туғанын немесе туғаннан кейін шетінеп кеткенін анықтауы тиіс.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір барлық жағдайды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
