Алматы
1 мин оқу 40
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
<p><strong>22 сәуір күні таңертең Алматы қаласына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Алатау жотасында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, дүмпу Григорьевка ауылынан 23 км солтүстікке қарай, Қожояр елді мекенінен 22 км солтүстік-батысқа қарай болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, Қырғызстан аумағындағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген.
Ал Қазақстан сейсмологтары бұл жағдайға қатысты ресми ақпарат жариялаған жоқ.
Бөлісу:
