Инфрақұрылым
1 мин оқу 40
Астанада 15 автобус бағыты уақытша өзгерді
<p><strong>Астанада 15 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Уақытша өзгерістер Ж.Нәжімеденов пен А.Байтұрсынов көшелері аумағындағы жол инфрақұрылымына байланысты енгізілген.
Жаңа сызба бойынша №11, 32, 48, 57, 507, 21, 2, 3, 14, 60, 66, 503, 508, 50 және 75 бағытындағы автобустардың жүру маршруты өзгертілді.
Осыған байланысты жауапты компания өкілдері жолаушыларға жаңартылған қозғалыс сызбасымен алдын ала танысып шығуды ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін елордада бірнеше аялдама атауы өзгертілген болатын.
Нұрболат АМАНБЕК
Бөлісу: