Елорда • Бүгін, 13:33

Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Астана қаласында қоғамдық көлік желісі күшейтілді. City Transportation Systems (CTS) компаниясы 6 қалалық және 7 экспресс-маршрутқа қосымша 37 автобус қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды

Фото: fotobus

Бұл шара жолаушылар ағынын азайту және қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Нәтижесінде кей бағыттарда автобустардың келу аралығы қысқарып, тұрғындар үшін күту уақыты азаяды.

Қалалық маршруттар бойынша қосылған автобустар:
№63 – +3 автобус
№67 – +5 автобус
№74 – +5 автобус
№76 – +3 автобус
№82 – +5 автобус
№83 – +2 автобус

Экспресс бағыттар бойынша:
№501-503 және №505-508 аралығындағы маршруттарға әрқайсысына қосымша +2 автобус шығарылды.

Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр

Мамандардың айтуынша, енгізілген өзгерістер қала ішіндегі жолаушылар тасымалын тұрақтандырып, әсіресе таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, енді бірқатар бағытта автобус күту уақыты едәуір қысқарады деп күтіледі.

Алматыда жаңа №130 автобус маршруты іске қосылады

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15