Алдағы күндері күн суытады
<p><strong>«Қазгидромет» мамандары 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялап, ел аумағында ауа райының айтарлықтай құбылатынын ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және жел күшейеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Болжамға сәйкес, 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал желдің екпіні күшейеді.
Метеорологтар ел аумағы бойынша желдің күшеюі байқалатынын, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұру ықтималдығы барын айтады. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.
8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндізгі температура өңірлер бойынша мынадай деңгейде болады:
- Батыста – 13-28 градус жылы;
- Солтүстік-батыста – 10-18 градус жылы;
- Солтүстікте – 5-13 градус жылы;
- Орталықта және шығыста – 8-18 градус жылы;
- Оңтүстікте – 17-26 градус жылы;
- Оңтүстік-шығыста – 15-22 градус жылы;
- Таулы аймақтарда – 8-13 градус жылы.
«Қазгидромет» мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісіне дайын болуға шақырып, әсіресе үсік пен жауын-шашын кезеңінде сақтық шараларын ұстануды ескертеді.
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
