Жанжал Мыңбұлақ шағынауданы аулаларының бірінде болған. Ақпаратқа сәйкес, кикілжің сәуір айында екі мектептің 9 және 11-сынып оқушылары арасында басталған. Бірнеше күннен кейін оған өзге жасөспірімдер араласып, жағдай жаппай төбелеске ұласқан.
Шалқардағы жаппай төбелес: Жасөспірімнің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды
Бейнежазбадан бір топ оқушының жоғары сынып оқушысына шабуылдаған мезеті байқалады. Куәгерлер араласып, полиция шақырғаннан кейін ғана жанжал тоқтаған.
Полицияның мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні болған.
«102 арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша хабарлама түсті. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталды. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Сондай-ақ төбелеске қатысқан оқушылар профилактикалық есепке қойылған. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті