Маусым айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
<p><strong>Маусым айында апталық демалыс күндерінен бөлек, бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді. Дегенмен бұл күндер ресми қосымша демалыс күні болып саналмайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ай ішінде атап өтілетін негізгі кәсіби мерекелер қатарында:
9 маусым – арнайы мақсаттағы бөлімшелер қызметкерлері күні
15 маусым – медицина қызметкерлері күні
23 маусым – полиция күні және мемлекеттік қызметшілер күні
24 маусым – сот және сот жүйесі қызметкерлері күні
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні бар.
Осылайша, маусым айында қазақстандықтар негізінен апталық демалыс күндері есебінен 8 күн демалады.
Жазда жаңа рейстер ашылады: Қазақстан азаматтары қай елдерге ұша алады?
Еске сала кетейік, бүгін елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіп жатыр. Атаулы күні Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтады.
