Оқиға
1 мин оқу 50
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
<p><strong>Астана қаласында Байқоңыр ауданындағы Т. Хусейн көшесінде екі шаруашылық құрылысы жанған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Өрттің жалпы аумағы 75 шаршы метр болған. Сөндіру жұмысы барысында 1 газ баллоны және 3 оттегі баллоны шығарылған. Осылайша ТЖМ қызметкерлері ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алып, өрттің таралу аумағын төмендетті.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.
Бөлісу:
