Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды
<p>Бұған дейін елорданың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде автокөлікте газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. <a href="https://egemen.kz/article/413762-astanada-avtokolik-dgaryldy-zardap-shekkender-bar">Жарылыстан кейін көлік толықтай өртеніп, жалын маңында тұрған бірнеше автокөлікке де зақым келтірді, деп хабарлады</a> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Астанада көлік өртенді: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай?
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі денесінің 90–95 пайызы күйіп, №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас алған ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.
