Аймақтар
1 мин оқу 60

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды

<p>Жетісу облысының Текелі қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Полицияның мәліметінше, ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған. Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу барысында өлімге әкелген жарақатты әйелінің бірге ішімдік ішкен кезде салғаны анықталды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сот шешімімен күдікті қамауға алынып, қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына орналастырылған.

Оқиға туралы ақпарат бұған дейін «НеМолчи» қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын. Жазбада күдіктінің көпбалалы ана екені және ұзақ жылдар бойы күйеуінің тұрмыстық зорлық-зомбылығына ұшырағаны айтылған.

Онлайн есірткі бизнесі: Ақтөбеде екі күдікті қамауға алынды

Қор жариялаған мәліметке сәйкес, көршілер ер адамның үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, отбасында жанжал шығарып, жақындарына қол көтергенін жеткізген. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Өз әйелін аяусыз қағып өлтірген полицей қамауға алынды

Іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

Бөлісу: