Марқұм Дарина Қабдулданованың туыстарының айтуынша, жолда ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Осыдан кейін күйеуі әйелін жол жиегінде қалдырып кетіп, кейін артынан қайтадан барып қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Туыстарының сөзінше, 37 жастағы күдікті аудандық полиция бөлімдерінің бірінде басшылық қызмет атқарады және оқиға кезінде қызметтік көлік басқарған. Ерлі-зайыптылар бұған дейін полиция саласында бірге жұмыс істеген.
Өз әйелін қағып өлтірген: Күдікті полиция қызметкері болуы мүмкін
Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткен еді.
Ақтаудағы 27-шағынауданда полиция қызметкері басқарған көлік 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында қайтыс болды.