«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
<p><strong>Жаңа маусым алдында «Реал Мадрид» алғашқы трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Клуб 27 жастағы Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурельяны Хаби Алонсо баптайтын лондондық «Челсиден» 60 млн еуроға сатып алды.
Футболшымен 2032 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Кукурелья – Испанияның «Эспаньол» мен «Барселона» академияларында тәрбиеленген ойыншы. Ол кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған.
Футболшы лондондықтар сапында 113 матч өткізіп, 6 гол соққан. 2024 жылы Еуропа чемпионы атанған. Жаңа ойыншы «Реалға» әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін қосылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін сағат 21:00-де H тобындағы Испания мен Кабо-Верде құрамалары кездеседі. Марк Кукурелья матчта бастапқы құрамда шығуы мүмкін.