Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
<p><strong>Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы тұсы 17-30 маусым аралығында жабылады. Ішінара шектеулер жол жұмысына байланысты енгізілген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, көлік жүргізушілер және жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн. Сондай-ақ ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтуіне байланысты ондаған көшенің жабылғаны туралы хабарлаған едік.
