Оқиға
1 мин оқу 40

Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті

<p>Қарағанды облысының Шахтинск қаласында көше тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде екі ер адам кәріз шұңқырына құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті

Оқиға Парковая көшесіндегі дүкеннің маңында болған. 1957 және 1960 жылы туған жұмысшылар шұңқырдан өздігінен шыға алмаған.

«Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер сыртқа шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар мұндай жағдайларда улы газдардан улану немесе жарақат алу қаупі жоғары екенін ескертеді.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында 14 жастағы бала тереңдігі 12 метр болатын құдыққа құлап кеткен еді. Жасөспірім төтеншеліктердің көмегімен сыртқа шығарылған болатын.

Бөлісу: