Қазақстан бірқатар елден қызанақ әкелуге шектеу қойды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жаңа піскен және салқындатылған қызанақты елге әкелуді уақытша шектеу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, тыйым 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін елдерден жеткізілетін қызанақтарға қатысты енгізілді.
Шетелден әкелінген қызанақ түркістандық шаруаларды шығынға батырды
Сонымен қатар, бұл шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келетін өнімдерге қолданылмайды. Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы қызанақты транзиттік тасымалдауға және одаққа мүше елдер арасында республика арқылы тасымалдауға рұқсат сақталады.
Бұйрыққа 22 маусым күні қол қойылып, ол қабылданған күннен бастап күшіне енді.
Еске салайық, бірер ай бұрын Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталғаны туралы жазғанбыз.