Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Фитосанитария» жүргізген карантиндік сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталып отыр.
«Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті
Аталған министрлік сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.