Оқиға
1 мин оқу 30

Ақтауда теңізге бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды

<p>Ақтаудағы &laquo;Солдатский&raquo; жағажайында шомылу кезінде суға бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды. Оқиға Ақжелкен шағын ауданында орналасқан жағажай аумағында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтауда теңізге бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, демалушылар арнайы жабдықталған жағажайда шомылғанымен, жағадан шамамен 300 метр қашықтыққа дейін алыстап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Маңғыстау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі адамды судан аман алып шықты. Әйелді құтқару жұмыстарына катамаранда болған куәгерлер де көмектескен.

Зардап шеккендерге ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін олар ауруханаға жеткізілді.

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Ведомство азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға шақырды.

Шомылу маусымы басталды: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Айта кетейік, биыл елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 29 адам суға кетіп қаза тапқан. Олардың 16-сы балалар.

Бөлісу:
Ақтауда теңізге бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды · Egemen Qazaqstan