Логистика
1 мин оқу 32

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

<p>Батыс Қазақстан облысындағы &laquo;Сырым &ndash; Маштаково&raquo; шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісі пайда болды. Жүргізушілердің айтуынша, кейбірі шекарадан өту үшін екі тәуліктен астам уақыт күтуге мәжбүр болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

Жүк тасымалдаушылардың мәліметінше, соңғы күндері кезек айтарлықтай ұлғайып, ұзындығы 35 шақырымға дейін жеткен. Көлік жүргізушілері тәулік бойы қозғалыссыз тұрып, бірнеше шақырым ғана ілгерілей алғандарын айтады.

Олардың сөзінше, жол бойында ауызсу, азық-түлік және санитарлық тораптар сияқты қажетті инфрақұрылым жеткіліксіз. Әсіресе аптап ыстықта күту жағдайы ауырлап кеткен.

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызмет қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Ал ҰҚК Шекара қызметі кептелістің туындауына бірнеше себеп әсер еткенін түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде бақша дақылдарын экспорттау маусымы басталған. Сонымен қатар Қазақстан арқылы Ресейге бағытталған тұтыну тауарларының транзиті көбейген.

Бұған қоса, «Сырым» өткізу пунктінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты қозғалыс жолақтарының саны уақытша қысқартылып, бекеттің өткізу мүмкіндігі төмендеген.

Енді жүк тасымалы навигациялық пломбалар арқылы бақыланады

Айта кетейік, «Сырым – Маштаково» бекеті Ресейдің Самара бағытына шығатын өңірдегі ең ірі көлік тораптарының бірі саналады. Қалыпты жағдайда бұл жерден тәулігіне 700-800-ге жуық жүк көлігі өтеді.

Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада жүк көліктерінің кептелісі пайда болды · Egemen Qazaqstan