Аймақтар • Кеше

Енді жүк тасымалы навигациялық пломбалар арқылы бақыланады

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

28 қаңтар күні Жетісу облысындағы «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк тасымалына навигациялық пломбалар жүйесін енгізу тәртібі мен оны Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында практикалық қолдану мәселелері түсіндірілді, деп жазады Egemen.kz.

Енді жүк тасымалы навигациялық пломбалар арқылы бақыланады

Фото: instagram.com/mkdaqtobe

Дөңгелек үстелге Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бақтияр Бейсебаев, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Жедел қызмет департаментінің директоры Ғарышбек Ещанов, «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы Мұрат Ерденбеков, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Автомобиль тасымалдары басқармасының басшысы Асқар Бекбергенов пен сыртқы экономикалық қызмет саласының өкілдері, тасымалдаушылар, кеден өкілдері және бейінді мамандар қатысты.

Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет 

Жиынға қатысушылар ЕАЭО аумағында навигациялық пломбалар жүйесін кезең-кезеңімен енгізу ісінде атқарылатын жұмыс жүйесін егжей-тегжейлі талқылады. Талқы аясында міндетті қадағалауға жататын тауарлар мен тасымалдардың тізбесі, бизнес, логистикалық және көлік компаниялары үшін болжамды өзгерістер түсіндірілді.

«Навигациялық пломбаларды қолдану тауарлар қозғалысының ашықтығы мен бақылауын арттырып, жүктердің тұтастығын қамтамасыз етуге және тауарларды жеткізуді, ауыстыруды, сондай-ақ заңсыз тасымал мен кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін азайтуға бағытталған», деді Бақтияр Бейсебаев.

Бүгінде елімізде навигациялық пломбаларды енгізу жобасы соңына таяған. Бұл міндетті атқарушы ұлттық оператор ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС бекітілген. Іс-шара аясында Ғарышбек Ещанов навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалды мониторингілеуге және сүйемелдеуге арналған «Transit» ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйенің негізгі функциялық мүмкіндіктері, пайдаланушыларды қосу тәртібі мен штаттық, штаттан тыс жағдайларда жұмыс істеу алгоритмдері көрсетілді.

Қазақстан 42 елмен автокөлік жүк тасымалын жүзеге асырады

«Навигациялық пломбаларды қолдану арқылы жүк тасымалын үздіксіз онлайн-мониторингілеуге болады. Сондай-ақ уәкілетті органдарды тасымалдау процесінде туындаған штаттан тыс жағдайлар туралы жедел хабардар етіп, өңдеуге арналған «Transit» тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленді. «Transit» АЖ ЕЭҚ мүше мемлекеттердің аумағындағы тасымалдау саласындағы заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді қолдануды кеңейтуге, тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік және басқа да мемлекеттік бақылаудың дәстүрлі шараларының көлемін қысқартуға мүмкіндік береді», деді ол.

Бұған дейін жүк тасымалдау қызметінде механикалық пломбалар пайдаланылған. Жүйенің цифрлық баламасы «Нұр Жолы» кеден бекетінде пилоттық режимде сынақтан өтіп, тиімділігін дәлелдеген.

«Пилоттық жоба аясында 544 көлікке 1075 навигациялық пломба ілінді. Жоба барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің Ахуалдық орталығы, «Кеден» ақпараттық жүйесі және Ұлттық оператордың «Transit» жүйесі арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі толықтай пысықталды. Хронометраждың нәтижелері бойынша барлық рәсім аз уақытта орындалатыны мен кедендік бақылаудан өтудің жылдамдығына әсер етпейтіні анықталды», деді «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы Мұрат Ерденбеков.

Сондай-ақ жиналғандар автомобиль және темір жол тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды пайдалану қызметтерінің бекітілген тарифтері туралы ақпар алды.

Қазақстанда жүк тасымалының көлемі сегіз айда 9,8% өсті

Соңғы жаңалықтар

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02