Павлодарда қамыс арасында 2 тәулік қалып қойған зейнеткер құтқарылды
<p><strong>Павлодар облысында 2 тәулік бойы қамыс арасында жатып қалған зейнеткер құтқарылды. 24 маусым күні полицияға ер адамнан қоңырау түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Полицейлер мен құтқарушылардан құрылған арнайы іздестіру топтары Байдала ауылынан Заря ауылына дейінгі өзен жайылмасының күрделі әрі батпақты аумағын мұқият тексеріп шыққан.
Polisia.kz мәліметінше, ол 23 маусым күні таңертең скутермен өзен жайылмасына барғанын, жолда аяғын ауыр жарақаттап алғанын және бір жарым тәуліктен астам уақыт бойы орнынан қозғала алмай жатқанын хабарлаған. Осыдан кейін байланыс үзіліп кеткен.
Бұған дейін хабарлағандай, Ақтаудағы «Солдатский» жағажайында шомылу кезінде бір ер және бір әйел суға бата жаздаған.
