Мирас
2 мин оқу 50

Зерделі ұлттың бүгіні мен ертеңі

<p style="text-align: left;">Мемлекет басшысының &laquo;Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы&raquo; Жарлығы шыққаннан бері кітап оқудың маңыздылығына кітапханашылар ғана емес, жергілікті билік өкілдері, оқу орындары, ғалымдар мен қаламгерлер де күрт бұрылды. Соның бірі жақында Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада &laquo;Зерделі ұлт &ndash; Қазақстанның болашағы&raquo; атты ғылыми-тәжірибелік конференция түрінде аталып өтті.</p>

Зерделі ұлттың бүгіні мен ертеңі

Конференция еліміздегі кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелерін талқы­лау­ мақсатында кітапхананың белсенді оқыр­­мандар қауымдастығының, білім беру ұйым­дары­ның, жазушылар мен журна­лис­тер­дің басын қосты. Іс-шараны облыстық мәде­ниет­ басқармасы басшысының орынбасары Мафруза Науанова ашып, Президенттің зиялы, зер­делі ұлтты тәрбиелеу барысында кітап оқу­дың маңыздылығына назар аударғаны өзекті мәселе екенін айтты: «Халықтың смарт­фон­­нан алатын сенімсіз ақпараттарға байла­нып­ қалғаны жақсылыққа апармайды. Абай айт­­қан­дай, «Артық білім – кітапта», біз осы жол­­ды ұс­танып, жастарды үнемі кітап оқуға жұ­­мыл­­дыруымыз керек», деді ол өзінің сөзінде.

Алғашқы сөз кезегін алған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай «Алаш көсемдерінің шығармашылық өнегесі» деген тақырыпта баяндама жасады:

«Алаш көсемдерінің ХХ ғасырдың басында халықты жаппай оқуға жұмылдыруға тырысқан өнегесі бүгін де өзекті болып отыр. Алаш көсемдері оқулықтың сапалы болуы, балаларға қызықты болуы көркем әдебиетке деген құштарлығын оятатынына назар аударды», деді ол.

«Кітап – адамның өмірлік серігі» деген тақырыпта қызықты баяндама жасаған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жарасбай Сүлейменов бүгінгі таңдағы халықтың кітап оқуға самарқау қарайтындығының себебін ашуға тырысты. Журналист атап өткендей, кітапқа деген қызығушылықты арзан хабарлар, күлкі үшін жасалатын роликтер жаулап алмауы керек.

Конференцияға Алматыдағы Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Дәуренбек Құсайынов та қатысып, ұсынылған мәселелер бойынша өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева, Жазушылар одағының орыс әдебиеті секциясының жетекшісі Кирилл Филонов, жазушы Сағындық Рахымжан, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантайұлы, ақын Диас Аяған, Ұлттық ұлан академиясының тілдік даярлық кафедрасының басшысы, ма­йор Раушан Әлжановалар да мінберде маңызды мәселе көтерді. Әлемде дамығын елдер кітап оқуға көп көңіл бөлетіндігі жеткізілді. Мысалы, Ербақыт Амантайұлы АҚШ тұрғындары жылына – 17, Үндістан тұрғындары – 16, Англия, Франция, Италия мемлекеттері 14-15 кітаптан оқитындығын айтты. Ал қазақстандықтар жылына 3 кітаптан артық оқымайды екен. «Кітап оқу бойынша біз әлемде 91-орын аламыз», деді ол өз сөзінде.

Сөйтіп, кітап оқу мәдениетін арттыру, сол арқылы зерделі ұлт қалыптастыру мәселесі­не арналған үлкен жиын аяқталды. Оның қо­ры­тындысы оқу орындарына жіберілетін болды. Ал Президенттің Жарлығына сәйкес ша­ралар жоспары жасалып, оларды биыл ғана емес, жыл сайын өткізу туралы қарарда атап өтілді. Жиынға белсенді оқырмандармен қа­тар облыс аудандарының және қаланың кітап­ха­нашылары, журналистер, ғалымдар қатысты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Зерделі ұлттың бүгіні мен ертеңі · Egemen Qazaqstan