Тұлға
3 мин оқу 140

Қайсар қаламгер

<p style="text-align: left;">Мұнайлы өңір журналистері құрмет тұтатын қаламгердің бірегейі &ndash; Құмарғали Ғабдешұлы. Жақында 90 жасқа толған ағамыз жайдары мінезімен, қиындыққа мойымайтын қайсарлығымен ерекшеленіп келеді.</p>

Қайсар қаламгер

«Егеменнің» ардагері, қаламгер Мамадияр Жақып әріптес досының адами болмысы жайындағы есте­лі­гінде: «Өмір болған соң, біраз адаммен қыз­мет­тес боласың. Уақыт өте кей­­біреулері көңілде көмес­кі­ленеді. Кейбірі әр­ кез жадыңда жүреді. Ұмы­­тыл­майтындардың бірі – Құмарғали. Бірге қыз­мет істеу­ден кеткеннен кейін де біраз уақыт болса да, оның жымиып күліп тұратын жайдары жүзі көңілде жүретін. Жиырма жылдан кейін жолыққанда, сол баяғы Құмекеңді көріп, көңі­лі­міздің бір жады­ра­ғаны бар. Сол күліп тұра­тын жай­дары жүзі. Бәлкім, бетке әжім көбірек түскен шығар, шамалы қартаң тарт­қан шы­ғар, бірақ мы­нау жайда­рылық сол бұрын­ғысы ғой!» дейді.

Бұдан жиырма жылдай бұрын Мамадияр ағамыз Атырауға іссапармен келді. Сол кезде бас басылымның бұрынғы Гурьев пен Семей облысындағы меншікті тілшісі болған ағалардың әсерлі кездесуіне куә болға­ны­мыз бар. Олардың бір-біріне ілтипаты мен құрме­ті­нен әріптестіктен гөрі досқа деген сағыныштың лебі байқалып тұрды. Бір-бірімен әзілдесті, әріптестері туралы әңгімеледі.

Құмарғали ағамыз Қаңбақты деген ауыл­да өмірге келген. Бала ке­зі­нен білімге құш­тар­­лығымен, зеректігімен танылған ол алдымен Гурьев педагогика учили­ще­сін үздік бітірді. Кейін Қазақ мемлекеттік универ­си­­тетінің журналистика бөлімінде оқыды. Универ­ситет дипломын алғаннан кейін еңбек жолын қазіргі «Атырау» газетінде бастады. Сөйтіп, 1961 жылы газеттің әдеби қызметке­рі ретінде аға буынның тәлімінен, тәжі­­ри­бесінен ой түйді. Арада екі-үш жыл өткен соң, партия тұрмысы бөлі­мі­­нің меңгерушісі болды.

Редакция тапсырмасын жедел орындауға бекінді. Кейбір ауылдарға жаяу барды. Газет басшылары арыз-шағымды тексеруді Құмарғали ағамызға жүк­тей­ді екен. Өйткені оның мамандығына адалдығы, өз ісіне жауапкершілігі әр мақаласынан аңғарылып тұрады. Облыстық басылымда он жылдан аса жұмыс істеп, қазақтың аяулы ақындары Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, әділдікті ту еткен Нұриден Мұфтах секілді елге белгілі қалам­гер­лермен әріптес болды. Әбден шыңдалған қаламгерді 1972 жылы об­лыс­тық партия комитеті нұсқау­шы қызметіне ша­қыр­ды. Кейін  облыстық пар­тия комитеті бірінші хатшы­сының көмекшісі қызметін атқарды.

«Сол уақытта «Со­циа­лис­­тік Қазақстан» газеті­нің облыстағы меншік­ті тілшісі болуға ұсыныс түсті. Бұл газетте 1974 жылдан 1986 жылға дейін жұмыс істедім. Он екі жылдан соң, «Аты­рауға» қайта оралып, бас редак­­тордың орынбасары әрі идеология бөлімінің мең­­герушісі қызметін қоса атқар­­дым», дейді жаны жай­саң қаламгер.

Қос басылымда жемісті жұмыс істеді. Әр мақала­сы­н­­да әділдікті шырағдан етті. Әр жанрда айшықты қол­таң­басы бар. Әсіресе фельетон жанрын ұмытпады. Соның дәлеліндей, «Социа­лис­тік Қазақстан» газетінде «Сайда саны, құмда ізі жоқ», «Қонақ­ты Құлсарыша күту», «Сұғанақтар еркінси бере ме?», «Арға түскен дақ» және өзге де тақырыптағы фельетон­­дары жарияланды. Бұл фелье­тондар ба­сы­лым­ның да, өзінің де мерейін өсірді.

«Сол жылдары «Социа­листік Қазақстан» газе­тіне бір арыз түсті. Жас келін­нің ата-анасы қалың малға риза болмай, дау туындаған. Құдалар арасында өрші­ген даудан соң, күйеу жігіт ­сотталып кеткен. Соттал­ған жігіттің арызына орай зерттеу жүргізіп, «Шылық­тан туған былық» деген көлем­ді мақа­ла жаздым. Бір жыл­ға жуық уақыттан соң, сот­тал­­ған жігіт ақта­лып шық­­­ты», деп еске алады Қ.Ғабдешұлы.

Жақында ғана тоқсан жас­тың төріне көтерілген қалам­гер ағамыздың қала­мы мұқалған жоқ. Оң қолы қалам ұстауға жарамаған сәтте қайсарлы­ғынан танба­ды. Қаламын сол қолына алып, 10 кітап жазды. 

Жергілікті қалам­гер Қаржаубай Сұлтанғали­ұлы­ның айтуын­ша, Құмар­ғали Ғабдеш­ұлының бас­ты ұста­нымы – адалдық пен қай­сарлық. Мұны көп­ші­лікке айқайламай-ақ ұғындырып келеді.

«Құмарғали ағамызбен үнсіз ұғынысқан, үнсіз ұғысқан жанмын. Бір-бірімізді сыйлау әлі күнге жалғасып келеді. Ол шығар­маларында өмір өзгеріс­терін нәзіктікпен, мөлдір сезіммен, жүрек жылуымен жазды. Бұл – адал азаматқа ғана тән қасиет», дейді Қ.Сұлтанғалиұлы. 

Қаламгер ағамызды іздейтіндер көп. Өйткені аға буынның ізімен сан шәкіртті тәрбиеледі. Ал жүрегі мейірімге, ал кітап­тары ел, жер тарихын то­лықтырар шежіре мен дәйекті деректерге толып тұр. Кеше 65 жылдан бері қа­ламын қолынан таста­маған қаламгер «Құрмет» орденімен марапатталды.   

Атырау облысы 

Бөлісу:
Қайсар қаламгер · Egemen Qazaqstan