Атырау қаласы аспанында әскери ұшақ байқалған: Министрлік түсініктеме берді
<p><strong>Қала үстінен ұшып өткен әскери жойғышқа ұқсас ұшақты байқаған атыраулықтар оны видеоға түсірген. Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымда Атырауда Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің Су-30СМ ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізген. Мұндай іс-шаралар ұшқыштар құрамын даярлау шеңберінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады және ұшқыштардың кәсіби дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ авиациялық техниканы қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Барлық іс-шара бекітілген жоспарлар мен қауіпсіздік талаптарына сай орындалады. Ұшу штаттық режимде өтті және қала тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмеді. Алаңдауға негіз жоқ», деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Ведомство азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге және тексерілмеген хабарламаларға сын көзбен қарауға шақырды.
Осыдан бірнеше ай бұрын Колумбияның Hercules C-130 әскери ұшағы әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапқан.
